«El Umiti» қоры «Мектепке жол» акциясына қатысты
2023 жылдың 1 тамызынан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы балаларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық бойынша материалдық көмек көрсету мақсатында өткізіледі.
«El Umiti» қоры «Qabilet қызметі» жобасы аясында республика бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтарынан, сондай-ақ SOS балалар ауылының тәрбиеленушілерінен 1-11 сыныптарда оқитын 160 баланы алдағы оқу жылының басталуымен құттықтады.
Біздің өңірде «El Umiti» корпоративтік қоры Рудный қаласының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының бірінші сынып оқушыларына қайырымдылық көмек көрсетті. Балаларға қажетті оқу құралдарының толық жиынтығы табыс етілді және білім әлеміне аттанғалы тұрған оқушыларға жылы тілектер айтылды. Айта кетейік, мұндай бастамалар жаңа оқу жылының алдында оқушылардың көңілін аударуға және олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көмектеседі. 2023-2024 оқу жылында жетістіктер мен жеңістер тілейміз!