Самойленко Арсенийдің жаңа жеңісі!!!

     

      

     

    2021 жылдың 25 қыркүйегінде БРО 2021 - үшінші Балқан жасөспірімдер физикалық олимпиадасы өтті. БPO 2021 олимпиадасының ұйымдастырушылары-Болгария физиктер Одағы. 2018 жылы құрылған Балқан физиктер одағы кеңесінің бастамасымен 2019 жылы жоғары сынып оқушыларына арналған Балқан физика олимпиадасы - БPO іске қосылды. Бірінші олимпиада 2019 жылдың шілдесінде Салоникиде (Греция), екіншісі - Крайовада (Румыния) 2020-да, Крайова университеті (Румыния) ұйымдастырған он-лайн режимінде өтті.

    Үшінші олимпиада Болгарияда өтті. Қазақстан атынан 4 оқушы қатысты. Барлық балалар 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, жүлдегер атанды. Олимпиаданың күміс медалін дарынды балаларға арналған "Білім-Инновация" лицей-интернатының оқушысы Самойленко Арсений жеңіп алды. Бұл Арсенийдің биылғы жылы бірінші жетістігі емес. Арсений мен оның тәлімгерлерінің жетістіктерімен құттықтаймыз!!!