Физика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы
2023 жылдың 14-15 наурызында 7-10 сынып оқушылары үшін физика пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 160 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 288 қатысушы (немесе 59,6 %). Ең белсенді өңірлер Рудный қ., (343 оқушы), Қостанай қ., (299 оқушы) және Қостанай ауданы (238 оқушы) болды.
Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары болды (1060 қатысушы).
461 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 81-і 1 – орын, 192-сі екінші және 188-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Ұзынкөл (54,5 %) және Қарасу (41,6 % сапа) аудандарының оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.