Математикадан 2 халықаралық олимпиаданың қорытындысы: біздің балалар жүлдегерлер атанды!
2024 жылдың 11-13 наурызында Алматы қаласында Республикалық физика-математика мектебі базасында XXXVI Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы және XXІІІ Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өтті.
Мақсаты – математика ғылымдары саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту үшін жағдайлар жасау.
Олимпиадаларға жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық және қорытынды кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері және Олимпиада резервінің мүшелері атанған 155 оқушы қатысты.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік математиктер күрделі және қызықты мәселелерді шешіп қана қоймай, өзара әрекеттесу және тәжірибе алмасу үшін жиналды.
Қостанай облысының атынан 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасының жүлдегерлері – Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 4 оқушысы қатысты.
Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасында біздің балалар қола медаль жеңіп алды – Даутов Жан (11 сынып) және Саматов Әлихан (9 сынып).
Математикадан халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасында Даутов Жан алтын медаль жеңіп алды!!!
Жан мен Алиханды және олардың ұстаздарын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!