«Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру: Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Троебрат жалпы білім беретін мектебінің жұмыс тәжірибесінен» атты

     

      

     

     

    2022 жылдың 11 ақпанында «Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру: Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Троебрат жалпы білім беретін мектебінің жұмыс тәжірибесінен» атты облыстық вебинары өтті.

    Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырудағы жұмыс тәжірибесін Ұзынкөл ауданы Троебрат жалпы білім беретін мектебінің ұжымы ұсынды.

    Мектеп директоры А.А. Ашимова өз сөзінде мектеп жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті, атап айтқанда, оқушылардың зерттеу қызметінің жұмыс жүйесін айтып берді.

    Вебинарға қатысқан мектеп педагогтері мен оқушылары өздерінің практикалық әзірлемелері, идеялары мен жобаларын ортаға салып, облыстық және республикалық деңгейде танылды.

    География, өлкетану бойынша мектеп оқушыларының өзекті жобалары география пәнінің мұғалімі Д.М. Макубаеваның жетекшілігімен әзірленді: туристік маршруттарды әзірлеу, туған өлкені зерттеу бойынша жобалар және т.б.. Мектеп оқушылары С. Каханова мен А. Жақсымбет «Оғызбақ көлінде туризмді дамыту» атты өз жобасын ұсынды.

    Мектепте әскери-спорттық клуб жұмыс істейді, оны С.К. Лезбаев басқарады, Клуб -  әскери-патриоттық клубтардың облыстық және республикалық слеттерінің тұрақты қатысушысы. Тіпті бұл жерде клуб мүшелеріне ғылыми-зерттеу жұмысының дағдылары үйретіледі.

    Вебинардың барлық қатысушылары жүргізіліп жатқан жұмыстың жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті, көптеген қызықты идеялар ұсынылды: «...әсіресе жас педагогтер үшін» - деп атап өтті педагогтер.

    Ұсынылған мол жұмыс тәжірибесі үшін мектеп педагогтеріне алғысымызды білдіреміз!

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының 11 өңірінің 43 білім беру ұйымдарынан 98 педагог және әдіскерлер қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.