«Қостанай дарыны» ӨҒПО Кубогына арналған V облыстық шахмат турнирінің қорытындылары
2020 жылдың 14 қазан күні «Қостанай дарыны» ӨҒПО Кубогына арналған V облыстық шахмат турнирі өтті.
Биылғы жылы эпидемиологиялық жағдайға байланысты турнир жаңа форматтағы – https://lichess.org платформасында өтті. Бұл платформа көптеген қатысушылармен турнирлер өткізуге мүмкіндік береді.
Қатысуға ниет білдірушілер көп болды, бірақ техникалық мүмкіндіктердің жоқтығынан барлығы бірдей қол жеткізе алмады, өйткені турнирге қатысу шарттарының бірі - ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бейнетрансляцияны қамтамасыз ету болды.
Турнирге 74 қатысушы өтініш білдірді, бірақ Алтынсарин, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Науырзым, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандары мен Қостанай қаласынан 49 оқушы қатыса алды.
Турнир жеке-командалық сипатта өтті, жеңімпаздар 4 жас санатында анықталды: 9 жасқа дейінгі қыздар, 9 жасқа дейінгі ұлдар, 13 жасқа дейінгі қыздар, 13 жасқа дейінгі ұлдар болды.
Турнирге ФИДЕ халықаралық төрешісі Метелено Евгений төрелік етті.
Турнир қорытындысы бойынша жеке сынақта жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Аймақ, мектеп |
Сынып |
Орын |
1 |
Байдаулетов Рамзан |
Қостанай қаласы, Горький атындағы гимназиясы |
4 |
I |
2 |
Антощук Антон |
Сарыкөл ауданы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі |
5 |
II |
3 |
Чиханцов Илья |
Сарыкөл ауданы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі |
5 |
III |
4 |
Рамазанова Данеля |
Қостанай қаласы, Горький атындағы гимназиясы |
5 |
I |
5 |
Пошатова Полина |
Сарыкөл ауданы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі |
7 |
II |
6 |
Макушева Мария |
Қарабалық ауданы, М.Горький атындағы № 1 Қарабалық орта мектебі |
7 |
III |
7 |
Адилханов Адильбек |
Қостанай қаласы, Горький атындағы гимназиясы |
4 |
I |
8 |
Уразалин Султан |
Сарыкөл ауданы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі |
2 |
II |
9 |
Дуспанов Дидар |
Жітіқара ауданы, гимназия |
3 |
III |
10 |
Слюсарева Арина |
Қостанай қаласы, № 7 орта мектебі |
3 |
I |
11 |
Чиханцова Алина |
Сарыкөл ауданы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі |
3 |
II |
12 |
Акимова Алиса |
Қостанай қаласы, Горький атындағы гимназиясы |
2 |
III |
Командалық есептегі орындар мынадай түрде анықталды:
І орын – Қостанай қаласының командасы, Горький атындағы гимназиясы;
ІІ орын-Сарыкөл ауданының командасы, Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйі;
ІІІ орын - Қостанай қаласының командасы, № 7 орта мектебі
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясында төртінші орын алған қатысушылар марапатталады.
- Хайруллин Анвар-Сарыкөл ауданы Балалар мен жастарға арналған шығармашылық үйінің оқушысы;
- Турткараева Лаура-Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың оқушысы.;
- Таңатқанов Мирас-Алтынсарин ауданы Свердлов орта мектебінің оқушысы;
- Кужабаева Наргиз-Қарасу ауданы Қарасу негізгі мектебінің оқушысы.
«Ең жас қатысушы» номинациясында - Горький атындағы №1 Қарабалық орта мектебінің оқушысы Долматова Виктория.
«Командадағы үздік нәтиже» - Рамазанова Данеля – Горький атындағы гимназияның оқушысы.
Жеке сынақ жеңімпаздары «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының медальдары мен дипломдарымен, номинация жеңімпаздары – дипломдармен, ал жеңімпаз команда – «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми – практикалық орталығының кубогымен марапатталады