«Дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу тәсілдері» облыстық вебинары

    2023 жылдың 27 қаңтарында «Дарынды оқушыларды анықтау және олармен жұмыс істеу тәсілдері» атты облыстық вебинар өтті. Алтынсарин ауданының Ы.Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі ұжымы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

    Мектеп мұғалімдері дарынды балалармен қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында (мұғалім Ахметжанова А.Г.), орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында (Бакун А.Т.), бастауыш сыныптарда (Тенел М., Самидосова М.А.) жұмыс істеу ерекшеліктері туралы әңгімеледі.

    Мектеп ұстаздары өз баяндамаларында дарынды балалармен жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісіп, сабақтарда қолданылатын жұмыс түрлері мен әдістерін көрсетті.

    Вебинар жұмысына облыстың 10 өңірінің 21 ұйымынан 36 педагог пен әдіскер қатысты. Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨОӘО арнасынан қарай аласыз.