«Дарынды балалардың зияткерлік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» облыстық вебинар
- «Дарынды оқушыларды психологиялық сүйемелдеуі» - Андреева Татьяна Михайловна, психолог, педагог-сарапшы
- «Дарынды балалармен жұмыс істеу кезіндегі жаттығулар мен тапсырмалардың түрлері» - Кулик Татьяна Николаевна, бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші
- «Қашықтан оқыту жағдайында дарынды оқушылармен жұмыс» - Додай Ердос, тарих мұғалімі, педагог-зерттеуші
- «Дарынды оқушылармен табысты жұмыс істеу шарттары» - Егеубаева Ляйлягуль Туралиевна, орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
- «Өзін - өзі тану пәнін оқу үдерісінде дарынды балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» - Ашаева Луиза Леонидовна, өзін-өзі тану мұғалімі, педагог-модератор
2021 жылдың 14 маусымында «Дарынды балалардың зияткерлік дағдыларын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты облыстық вебинар өтті. Қарасу ауданының Октябрь жалпы білім беретін мектебінің ұжымы дарынды балалармен жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Вебинар барысында келесі мәселелер қаралды:
Өз сөздерінде мектеп педагогтері дарынды балалармен жұмыс жасаудың практикалық көзқарастарымен бөлісті және өз сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістерін ұсынды.
Вебинар жұмысына облыстың 5 өңіріндегі 10 ұйымнан 30 педагог пен әдіскер қатысты. Вебинар материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтынан және арнасынан табуға болады.