«Жазғы демалысқа арналғанүздік идеялар» атты облыстық конкурсының қорытындысы

     

      

     

    2021 жылдың 21-30шілдесінде«Жазғы демалысқа арналған үздік идеялар» атты облыстық конкурсы өтті.

    Конкурстың мақсаты: балалардың демалыс жүйесін жетілдіруге және дамытуға, каникул кезеңінде баланың жеке басының дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған балалар демалысын және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру саласындағы қазіргі заманғы балалардың әртүрлі жастағы мүдделеріне, сұраныстары мен қажеттіліктеріне сәйкес келетін неғұрлым тиімді бағдарламаларды анықтау және кейіннен практикаға енгізу .

    Конкурс екі номинация бойынша өтті: «Жазғы демалысқа арналған үздік бағдарлама» және ««Жазғы демалысқа арналған үздік сценарий».

    Конкурсқа облыстың 7 өңірінен (Жітіқара, Қарабалық, Қостанай, Ұзынкөл, Федоров аудандары, Рудный және Қостанай қалалары) 10 мұғалім бағдарламасы және 12 оқушы сценарийі ұсынылды. Конкурс жеңімпаздары 4 мұғалім мен 5 оқушы болды.

    • «Жазғы демалысқа арналған үздік бағдарлама» номинациясы

    Мұғалімніңаты-жөні

    Мектеп

    Орын

    Погребская Вероника Валерьевна

    «Рудный қаласы білім бөлімінің № 17 жалпы білім беретін мектебі» КММ

    I

    Рахметова Роза Шакирзяновна

    «Жітіқара ауданыбілім бөлімінің гимназиясы» КММ

    II

    Казанбаева Жанна Жамантаевна, Баекенова Сауле Амантаевна,

    «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ

    III

     

    • «Жазғы демалысқа арналған үздік сценарий» номинациясы

    Мұғалімніңаты-жөні

    Мектеп

    Сынып

    Орын

    Кицюк Екатерина, Кооль Маргарита

    Жітіқара ауданы білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі

    10

    I

    Романенко Ангелина, Борисова Варвара

    Рудный қаласы № 17 жалпы білім беретін мектебі

    9

    ІI

    Мукашева Мадина

    Федоров ауданы Қоржынкөл жалпы білім беретін мектебі

    10

    IIІ