«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 21 желтоқсанында Жітіқара ауданының 8-9 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалаудың ІІ кезеңі ұйымдастырылды. Диагностика «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өткізіліп, оған 65 оқушы қатысты. Диагностика мақсаты QABILET қызметі арқылы жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың интеллектуалдық және тұлғалық әлеуетін өлшеу. Қатысушылар https://qabilet.elumiti.kz/signin/ сайтындағы жеке кабинеттерінде нәтижелерін біліп, ұсыныстар ала алады

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 800 080 48 48 (қоңырау шалу тегін).