Физика пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы

    2024 жылдың 13-14 наурызында 7-10 сынып оқушылары үшін физика пәнінен қашықтан облыстық олимпиада өтті.

    Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 116 адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлердегі мектептерден – 1 404 қатысушы (немесе 66,4 %). Ең белсенді өңірлер Рудный қ. (344 оқушы), Қостанай ауданы (263 оқушы) және Қостанай қ. (251 оқушы) болды.

    Оқушылар арасында ең белсенді 7-сынып оқушылары болды (798 қатысушы).

    308 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 48-і 1 – орын, 104-сі екінші және 156-ы үшінші орын алды. Өңірлер арасында Лисаков қ. (44 %) және Б. Майлина ауданының (29 % сапа) оқушылары жоғары нәтижелілік көрсетті.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары табысталатын болады.

     

    ИТОГИ