Оқушылардың облыстық олимпиадасы аяқталды
Ағымдағы жылғы 13-18 ақпанда Қостанай қаласындаЖалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІІ кезеңі өтті.
Олимпиада 15 жалпы білім беретін пән бойынша өткізілді: жаратылыстану-математикалық циклдің 6 пәнінен және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 242 қатысушы үшін олимпиаданың 2туры 13-14 ақпанда, ал қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 389 қатысушы үшін 16-17 ақпанда өтті.
Әр тур мен пән үшін құрастырушылардәстүрлі олимпиадалық тапсырмалардайындады. Қатысушыларғаесептер мен тестілердішешу, эссе жазу және мәтіндергеталдау жасау, лексика-грамматикалықталдаулар жүргізу және т.б. қажет болды. Қатысушылар үшін «Ағылшын тілі», «Неміс тілі», «Француз тілі», «Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі» пәндерінен олимпиаданың екінші күніауызша турлар өткізілді, онда тілді жақсы меңгергендігін, монолог пен диалог құра білетіндігін көрсету, қазылар алқасы мүшелерінің сұрақтарына жауап беру қажет болды.
Жалпыолимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен және дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 631 оқушы қатысты. 281 қатысушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның 55-і 1 орын, 84-і 2 орын және 142-і 3 орын алды.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары да жақсы нәтижелер көрсетті: осы мектептердің оқушылары 125 жүлделі орынға ие болды.
Ауылдық өңірлер арасында Федоров ауданының оқушылары, ал қалалар арасында Рудный қаласының командасы жақсы нәтиже көрсетті.
Олимпиада қорытындысы бойынша облыстың олимпиадалық командасы жасақталатын болады және ол біздің өңірдің атынан а.ж. наурыз-сәуір айларында Шымкент қаласында өтетін олимпиаданың соңғы кезеңінеқатысады.