«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ Республикалық зияткерлік конкурсының қорытындылары
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Туған жер» бағдарламасы бөлігінде 2020 жылдың 3-5 қараша аралығында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың ІІІ Республикалық зияткерлік конкурсы өтті.
Пандемияға байланысты конкурс ZOOM және EXAM.NET. платформаларды пайдалана отырып, қашықтық режимінде өтті.
Конкурсқа іріктеу кезеңдерінен өткен республика мектептерінен 88 оқушы қатысты.
Ережеге сәйкес Конкурс 2 турда өтті: 1 тур - Қазақстан тарихы мәселелері бойынша тестілеу; 2 тур - 4 номинация бойынша: «Менің кіші отанымның тарихы», «Кіші отанымның нышаны», «Менің Отанымның болашағы», «Менің туған өлкем».
Конкурс қорытындысы бойынша 38 оқушы ҚР БҒМ дипломдарымен марапатталды.
Қостанай облысы атынан Қостанай қаласынан, Әулиекөл және Денисов аудандарынан 4 қатысушы, конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты.
Балалар «Кіші отанымның нышаны» және «Менің кіші отанымның тарихы» номинациялары бойынша 2 бірінші орынды иеленіп, осы конкурста біздің облысымыздың атынан лайықты өнерлерін көрсетті. Тағы 2 оқушы «Дарын» ӨҒПО грамоталарымен марапатталды.
Аты-жөні |
номинация |
Өңір, мектеп |
орын |
Петрий Екатерина |
«Кіші Отанымыздың нышаны» |
Қостанай қ., № 23 орта мектебі |
1 орын |
Сандыбаев Тамерлан |
«Менің кіші отанымның тарихы» |
Қостанай қ., № 29 орта мектебі |
1 орын |
КабдуллинаДильназ |
«Менің кіші Отанымның болашағы» |
Әулиекөл ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебі |
Грамота |
Скорая Галина |
«Менің туған жерім» |
Денисов ауданы, Денисов № 1 орта мектебі |
Грамота |