«Математика сабағындағы заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 25 қарашасында қазақ тілінде оқытатын математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика сабағындағы заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинардың мақсаты: математика пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту, дарынды оқушылармен жұмыс жасау бойынша қолдау көрсету.
Семинар қатысушылары Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімдері К.Е. Хасенова, А.А. Еришеваның жұмыс тәжірибесімен танысты, дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының педагогтері Ж.К., Укибаев, Д.Ж. Сейдуәлі жинақталған жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарда педагогтер оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың математика сабақтарында цифрлық ресурстарды пайдалануға деген қызығушылығын арттыру, математикалық есептерді шешу әдістері, оқушыларды олимпиадаға дайындау тәсілдері бойынша жұмыс түрлері мен әдістерімен танысты.
Жұмыс тәжірибені ұсынғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!