Жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында Республика көлемінде өткен ІV Абайтану олимпиадасының қорытындысы

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде  Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты 2022 жылғы 18-20 мамыр аралығында жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі мен әдебиетінен республика көлемінде   ІV «Абайтану» олимпиадасын өткізді.

    Қостанай облысынан Арқалық қаласындағы  А.Құнанбаев атындағы гимназияның және Қостанай ауданы Айсары орта мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша  1 -  бірінші орын, 1 - үшінші орын және 1 оқушы алғыс хатпен марапатталды. Бірінші орын алған үшін сымсыз құлаққап, 3 орынға дыбыс ұлғайтқыш және алғыс хатпен марапатталған оқушыға кітап сыйлады.

    Сонымен қатар, барлық оқушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат берілді және олимпиадаға оқушыны сапалы дайындағаны үшін ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.

    Қатысушының аты-жөні

    Сыныбы

    Мектебі

    Орын

    1.  

    Тойлыбай Гаухар

    9

    А.Құнанбаев атындағы гимназия

    1

    1.  

    ҚұрманғазықызыШапағат

    10

    Айсары орта мектебі

    3

    1.  

    Елдос Амина

    9

    А.Құнанбаев атындағы гимназия

    Алғыс хат