2023 жылдың 20 қазанында геометрия бойынша қашықтан 10 халықаралық Иран олимпиадасы өтті. Олимпиада бір мезгілде еліміздің 15 қаласында аккредиттелген алаңдар базасында, оның ішінде Қостанай қаласында да өтті. Олимпиада 7-12 сынып оқушылары үшін 3 лигаға бөлініп өткізіледі: 1 лига – 7-8 сыныптар; 2 лига – 9-10 сыныптар; 3 лига – 11-12 сыныптар.
Геометрия бойынша 1 халықаралық Иран олимпиадасы 2014 жылы өткен болатын. Сол кезде 10-нан аспайтын ел қатысса, 9-шы олимпиадада олардың саны 70-тен асып жығылды.
Биылғы жылы олимпиадаға республиканың түкпір-түкпірінен 1078 оқушы, оның ішінде Қостанай қаласындағы НЗМ-дан (4 қатысушы) және дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатынан (8 қатысушы) 12 оқушы қатысты.
Олимпиаданың барлық рәсімдерін өткізгеннен кейін 5 бірінші, 20 екінші және 37 үшінші орын алған 62 жүлдегер анықталды.
Жүлдегерлер арасында дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 3 оқушысы бар:
- Саматов Алихан (9 сынып) - III дәрежелі Диплом;
- Даутов Жан (11 сынып) - II дәрежелі Диплом;
- Исмаилов Диас (11 сынып) - III дәрежелі Диплом.
Оқу жылының сәтті басталуымен құттықтаймыз!!! Жаңа жеңістер тілейміз!!!