Биология пәнінен бірінші он-лайн сабақ
2020 жылғы 17 сәуір күні облыстың олимпиадалық резерві үшін биология пәнінен бірінші он-лайн сабақ өтті. Сабақ биология пәнінен олимпиада қатысушылары 7 сынып оқушыларына, сондай-ақ олимпиадаға дайындықпен айналысатын педагогтарға арналған.
Жаттықтырушы – Сергазы Пернебаев, дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының биология пәні мұғалімі.
Бірінші сабақ жануарлар классификациясы мен өсімдіктер систематикасына арналды және мемлекеттік тілде өтті.
Сабаққа Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан, Меңдіқара ауданынан 46 оқушы мен педагогтер қатысты. Тыңдаушылар арасындағы ең көбі – Қостанай қ. М. Қозыбаев атындағы №23 мектебінің 7 сынып оқушылары. Тыңдаушылардың көбі орыс тініде оқытатын білім беру ұйымдарынан болды.
Келесі сабақ а. ж. 24 сәуірінде өтеді.