Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың облыстық олимпиадасы

     

    2021 жылдың 22-27 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.

    Бұл олимпиада осы оқу жылының айтулы оқиғаларының бірі және ең алдымен, өзінің өткізілу форматымен өзгеше болды. Біздің өмірімізге нық кірген қашықтықтан оқыту облыстық, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларды өткізу кезінде де үйреншікті жағдайға айналды.

    Биылғы мектеп оқушыларының облыстық олимпиадасы мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де, қазылар алқасы үшін де өзіндік тексерудің бүр түрі  болды. Жалпы білім беретін 16 пән бойынша 451 оқушы биылғы жылдың олимпиадасына қатысты. Ең танымал пәндер география (39 қатысушы), ағылшын тілі (39 қатысушы), биология (46 қатысушы), қазақ тілі мен әдебиеті (43 оқушы) болды. Осы пәндер бойынша олимпиадаға қатысушылардың үштен бірі қатысты.

    Елдегі эпидемиологиялық ахуал жағдайды ескере отырып, олимпиада 6 күн ішінде өтті. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша олимпиада 2 турда, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша 1 турда өтті (бірақ тапсырмаларда екі тур бойынша тапсырмалар болды).

    Биылғы жылғы олимпиадаға қатысушылардың әрқайсысы ең үздік атану үшін бар күш-жігерін жұмсауға тура келді: физика мен математика бойынша есептерді шешу, Қазақстан тарихы мен қазақ тілі пәні бойынша эссе тақырыптарын ашу, құқық және өзін-өзі тану бойынша ұсынылған жағдайлардың шешімдерін табу, қазылар алқасының мүшелері мен қарсыластарына шет тілдерін жақсы білетіндігін дәлелдеу.

    Әр жарыстың жеңімпаздары да, жеңілгендері де бар. Бірақ олимпиадаға қатысудың маңыздылығы соншалықты, болашақта іске міндетті түрде пайдалы болатын әрбір адам  жаңа тілдесу тәжірибесі мен жаңа біліммен бағалы болды.

    Олимпиада жүлдегерлерінің дипломдары мен медальдары пән бойынша жақсы білім көрсеткен 226 оқушыға беріледі, оның ішінде 71 оқушы алтын, 72 оқушы күміс және 83 оқушы қола медаль алады.

    Олимпиада қорытындысы бойынша қорытынды кезеңде біздің облысымыздың намысын қорғайтын олимпиадалық команда құрылады.

    Бірнеше күннен кейін оқу-жаттығу жиындары басталады, бұл облыстың олимпиадалық құрамасының қатысушыларына пән бойынша білімдерін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олимпиаданың республикалық кезеңінде лайықты өнер көрсету үшін тіл саласы бойынша машықтануға көмектеседі.