«Мәтіндік есептерді шешу арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру» вебинары

     

      

     

     

     

    2022 жылғы 15 сәуірде облыс педагогтарына арналған вебинар өтті. Вебинар тақырыбы «Мәтіндік есептерді шешу арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру».

    Вебинар спикерлері - А.А. Еришова, Г.Т.Есмагамбетова, Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаттың математика пәні мұғалімдері.

    Вебинарда модераторлар мәтіндік есептерді шығаруда математикалық сауаттылықты дамыту талаптары мен критерийлерін қарастырды. Кейбір мәтіндік есептерді шешу мысалында оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру бойынша жұмыстың түрлері мен әдістері көрсетілді.

    Вебинар жұмысына облыс мектептерінің 22 педагогы мен әдіскері қатысты.

    Вебинардың видеосын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан табуға болады.