Білім елдің жетекші жоғары оқу орнына түсуге жол ашты немесе Валерия Лис өзінің үздіктігін қалай дәлелдеді
2022 жылғы 5-6 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби» халықаралық олимпиадасының финалы өтті. Бұл зияткерлік турнир үш кезеңді қамтыды. Алғашқы іріктеу кезеңіне Қазақстан мен Ресейден 3000-нан астам бітіруші сынып оқушылары қатысты.
Екінші кезең олимпиада қатысушыларын прокторинг және бейнетіркеу жүйесімен қашықтықтан өткізілді. Екінші турға 492 оқушы қатысты. Оның ішінде финалға 49 оқушы, соның қатарында Арқалық қаласының Ы. Алтынсарин атындағы гимназиясының 4 оқушысы: Лис Валерия, Юськова Дарья, Дзюба Анжелика – география пәні бойынша және Аманғалиев Алдияр – Қазақстан тарихы пәні бойынша сәтті өтті.
Олимпиаданың соңғы үшінші кезеңі ҚазҰУ базасында өткізіліп, теориялық және практикалық турлардан тұрды. Табанды күрес нәтижесінде Валерия Лис «География» пәні бойынша 1 орынды жеңіп алды.
Лера үшін бұл 11 олимпиада болғанын атап өткім келеді. 6-сыныптан 8-сыныпқа дейін Валерия облыстық жасөспірімдер олимпиадаларының жүлдегері, 9-сыныптан 11-сыныпқа дейін жалпы білім беретін пәндер (география) бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңдерінің жеңімпазы болды. 9-сыныпта география пәнінен республикалық рейтинг олимпиадасын жеңіп алды, ал 10-11-сыныптарда оқи жүріп, екі жыл қатарынан жалпы білім беретін пәндер (география) бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері болды.
Бұл Халықаралық олимпиада Валерия Лис үшін үшінші болды. Ол бірнеше жыл бұрын Челябинск қаласында география пәнінен «Воробьев тауларын бағындыр!» атты Халықаралық олимпиаданың финалына қатысқан болатын және Омбы қаласында өткен география пәні бойынша XX Халықаралық Ломоносов турнирінде III орынды жеңіп алған.
Пәнді терең білу және облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып жинаған бай тәжірибе жарқын ақылмен, эрудициямен және еңбексүйгіштікпен ұштасып, біздің оқушымыз үшін жеңіс кепілі болды.
«Әл-Фараби» Халықаралық олимпиадасының ережесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I дәрежелі дипломымен марапатталған олимпиада жеңімпазы оқуға түсу кезінде басым құқыққа ие, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқудың барлық кезеңіне 100 % жеңілдік алады.
Осылайша, біздің дарынды оқушымыз пәнді тереңдей оқудың арқасында өзіне өзі еліміздің жетекші жоғары оқу орнына табысты түсуді қамтамасыз етті.