2024 жылғы 22-23 қаңтарда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері үшін қашықтан облыстық олимпиадалар ұйымдастырылды.

Олимпиадалар Қазақстан тарихы және ағылшын тілі пәндері бойынша өтті.

Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 1 718 студенті қатысты, оның 405-і ауылдық жерлерден.

Қатысушылар ағылшын тілі пәнінен олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 918 қатысушы.

239 студент олимпиада жүлдегерлері атанды: 70 қатысушы І орын, 91  қатысушы ІІ және 78 қатысушы ІІІ орын алды.

Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

 

ИТОГИ