Тукен Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы

    21-28 маусымда «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясының аясында Төкен Омаров атындағы астрономия және ғарыш физикасы бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарысы өткізілді.

    Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жарыстар он-лайн режимінде өткізілді. Оған 120 адам қатысты: жас астрономдар мен  ғарышкерлер, 7-11 сынып оқушылары және Қазақстанның 6 облысынан, Нұр-сұлтан және Алматы қалаларынан команда жетекшілері.

    Ғылыми жарыс аясында: ғылыми жобалар конкурсы және астрономия мен ғарыш физикасы бойынша республикалық іріктеу олимпиадасы өтті.

    Қостанай облысының командасы болып Рудный қаласының Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясының оқушылары таныстырылды . Балалар осы жарыстарда біздің облысымыздың даңқын асырып, 2 екінші және 1 үшінші орынға ие болды. Тағы бір қатысушы мақтау қағазымен марапатталды.

    ТАӘ

     

    Сынып

     

    Жобаның атауы

    Жетекшінің ТАӘ

    Орын

    1

    Анарбеков  Жолдасбек  

    8

    І  жүргіш

    Серікбай   Ерік   Ниязбекұлы

    2

    2

    Умирзахова Молдир

    8

    Неге аспан  көгілдір, ал күн  батуы   қызыл

    Латенова Ұлпан   Болатовна

    2

    3

    Алпамысова Айгерим

    8

    Айдың     қозғалысы

    Құрманова   Гүлжауһар   Даниярқызы

    3

    4

    Аубакирова Айша-Бибі

    8

    Адамдар    және    жұлдыздар

    Құрманова   Гүлжауһар   Даниярқызы

    грамота