Ы. Алтынсариннің шығармашылығы бойынша 3-11 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

    2021 жылдың 18-19 ақпанында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы мұра» облыстық марафоны аясында 3-11 сынып оқушылары үшін облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың тапсырмалары ағартушының өмірі туралы өмірбаяндық мәліметтерді білуге ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылығы мен шығармаларына қатысты сұрақтардан тұрды.

    Олимпиада оқушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 12 211, оның ішінде 7 233 (59,2 %) ауыл мектептерінен оқушы қатысты. Бұл олимпиаданың ең белсенді қатысушылары 3-4 сынып оқушылары - 5050 оқушы болды.

    Олимпиада тапсырмаларын 3096 қатысушы сәтті орындады. Оның ішінде 134 оқушы 1 орын, 943 оқушы 2 орын және 2019 оқушы 3 орын алды.

    Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификат алды, ал жүлдегерлерге диплом берілетін болады.

    Итоги