Роботты техника және бағдарламалау бойынша он-лайн сабақ
2020 жылғы 5 мамыр күні роботты техника және бағдарламалау бойынша он-лайн сабақ өтті. Сабақ 7 сынып оқушыларына, сондай-ақ роботты техникамен айналысатын педагогтерге арналған.
Жаттықтырушы – Акнур Амербаева, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: «Фоторезистор және пассивті зуммер». Сабаққа «Озат» мектеп-лицей-интернатының білім алушылары қатысты, олар он-лайн режимде өз дағдыларын көрсетті.
Arduino платасының көмегімен жарықдиодтық шкаласын жинау мысалында оқушылармен өткізілетін қашықытқ жұмысының тәсілдерін көрсетті.
ЖаттықтырушыTincercad платформасының базасында қажетті компоненттерді пайдалана отырып Arduino платасы негізінде схемаларды құрастыру мысалында оқушылармен қашықтан жұмыс тәсілдерін көрсетті.
Сабаққа Қостанай, Лисаков, Әулиекөл,Жітіқара, Қарабалық, Қамысты, Қарасу, Сарыкөл аудандарының білім беру ұйымдарынан, «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 24 оқушы мен педагог қатысты.