«Ғылыми жобаларды әзірлеу арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» облыстық қашықтық семинардың қорытындысы
- «Бастауыш сыныптарда оқушыларды ғылыми жобаға дайындау арқылы ізденушілік дағдыларын дамыту»;
- «Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту – жетістік жолы»;
- Оқушылардың зерттеу әрекеттерін ұйымдастыру;
- «Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері»;
- «Білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмысындағы ұйымдастыру әлеуеті – ғылыми жоба дайындаудың тиімді жолы ретінде»;
- Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысымен таныстыру.
Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қолдау және ұйымдастыру бойынша гимназияның жұмыс тәжірибесін трансляциялау негізінде облыс педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 02 наурызында облыс педагогтары мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына арналған «Ғылыми жобаларды әзірлеу арқылы білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» атты облыстық қашықтықтан семинар өтті.
Семинар келесі тақырыптарды қамтыды:
Семинар Google Meet платформасында жүргізілді. Облыстың білім беру ұйымдарынан 97 педагогтары мен директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.