«Геймификацияны оқушыларды ынталандыру тәсілі ретінде қолдану» вебинары

    2023 жылғы 13 қаңтарда педагогтар үшін «Геймификацияны оқушыларды ынталандыру тәсілі ретінде қолдану» облыстық вебинары өтті. Вебинарды «Озат»  мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының педагогы Жұлдыз Төлемис өткізді.

    Вебинар аясында ол сабақта оқушылардың қызығушылығын ояту әдістері мен тәсілдері туралы айтты. Мұғалім вебинар тыңдаушыларына сабақ аясында пайдалануға болатын көптеген қызықты және пайдалы интернет-ресурстарды ұсынды.

    Әр ресурс өзінше қызықты және пайдалану мен қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог оларға уакыт бөліп, саралап берді.

    Вебинардың бейнежазбасын біздің арнадан мына сілтеме арқылы қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ