7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытындысы

    13-17 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған география пәнінен Ұлттық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

    Олимпиадаға 2023 жылдың қазан айында өткен іріктеу кезеңінің жеңімпаздары қатысты.

    13-15 мамыр аралығында Олимпиаданың алдында оқу-жаттығу жиындары өтті, онда оқушылар олимпиадалық есептерді шешуде қажетті теориялық және практикалық дағдылармен жұмыс істеді. Топ жетекшілері үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.

    16 мамырда олимпиада өтті, онда қатысушылар жиындар кезінде алған білімдерін пайдалана алды. Олимпиадада облысымыздың атынан қатысқан 3 оқушының 2-і жүлдегер атанды (ІІІ) орын: Орлова Дарья (Қостанай қ. физика-математикалық лицейі) және Құлтаев Аңсар (Әулиекөл ауданының Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі).

    Оқушылар мен олардың ұстаздарын олимпиадада жеткен жеңістерімен құттықтаймыз!!!