Облыс педагогтары мен оқушыларына арналған вебинарлар

    Ағымдағы жылдың 15-18 қыркүйек аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы Қостанай облысының педагогтары мен оқушыларына арналған бірқатар он-лайн сабақтар мен вебинарлар өткізді.  

    15 қыркүйекте математикаға қызығатын және математикалық олимпиадаларда өз күштерін сынайтын оқушылар үшін сабақ өтті. Сабақты дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының математика пәнінің жас мұғалімі Сейдуалы Д. өткізді. Ол логикалық есептерін шешуді ұсынды.

    16 қыркүйекте ағылшын тілінен «Let’s have fun around the world» сабағы өтті. Вебинарды «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ағылшын тілі мұғалімі Инна Арменовна Колычева өткізді. Вебинарды өткізуге мектеп оқушылары белсене қатысты.

    17 қыркүйекте жас химиктерге арналған сабақтар өтті. Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының химия пәні мұғалімі Султан Курмангалиевич Ахметов химиядан олимпиада тапсырмаларын қалай шешуге болатынын айтып берді. Ол олимпиадаларға дайындалуға көмектесетін платформалар мен әдістемелік ресурстарды ұсынды.

    18 қыркүйекте ағылшын тілі сабағын Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі М.М. Еленова өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Writing an email». Сабақ барысында мұғалім электрондық хаттарды жазу ерекшеліктеріне тоқталды.

    Он-лайн режимдегі сабақтарға облыстың білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық тыңдаушы қатысты.

    Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады