5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы бастау алды

     

      

     

    2021 жылдың 12 қарашасында 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық оқушылар олимпиадасы бастау алды.

    Олимпиаданың негізгі мақсаты: оқушылардың зияткерлік қызметке және ғылыми білімге қызығушылығын дамыту, оқушылардың қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмыс аясында ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған оқушыларды анықтау.

    Олимпиада 4 кезеңде 8 жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізіледі:

    1) математика;

    2) жаратылыстану;

    3) қазақ тілі мен әдебиеті;

    4) орыс тілі мен әдебиеті;

    5) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;

    6) қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;

    7) ағылшын тілі;

    8) Қазақстан тарихы.

    Олимпиаданың мектеп кезеңі облыстың барлық өңірлерінде өтті. Олимпиаданың әрбір қатысушысы бір пән бойынша тапсырмаларды орындайды. Мектеп кезеңінің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 26 қарашада өтетін аудандық/қалалық кезеңдерге қатысу үшін мектеп командалары құрылатын болады.