«Әбіш оқулары»республикалық конкурсы

     

    2023 жылғы 10-12 мамыр аралығында Ақтау қаласында белгілі мемлекет қайраткері және жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауы өтті.

    Әбіш Кекілбаев атындағы байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 8-11 сыныптардың 168 оқушысы қатысты. Байқау 4 бағытта өтті:

    - «Ә. Кекілбаевтың шығармаларын мәнерлеп оқу (проза, поэзия)»,

    - «Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерттеу жұмысы»,

    - «Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша сахналық қойылым»,

    - «Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша иллюстрациялық бейнелер».

    «Әбіш оқұлары» - данышпанның көкжиегін кеңейтетін, даналық сыйлайтын беделді кезең. Байқау аясында қатысушылар Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барып, шығармашылықпен танысты, сондай-ақ оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

    Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен грамоталары табысталды.

    «Мәнерлеп оқу» бағытында Қостанай облысының атынан Рудный қаласының Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысыАнарбеков Жолдасбек қатысты. Анарбеков Жолдасбек «Әбіш оқулары» республикалық байқауында ІІ орын алды.

    Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Сахналық қойылым» номинациясында Қостанай облысының намысын Амангелді ауданы Құмкешу жалпы білім беретін мектебінің оқушылар тобы қорғады және олар байқауда ІІІ орын алды.

    Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!