Халықаралық олимпиадалардағы жаңа жетістіктер!

    Дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының оқушылары халықаралық олимпиадаларда қайтадан көзге түсті.

    Қиын эпидемиологиялық жағдайға қарамастан қостанайлық оқушылары халықаралық деңгейде ойдағыдай өнер көрсетуде. Оларға айтулы олимпиадаларға қатысуға және жүлделі орындарға ие болуға ештеңе кедергі келтірмейді.

    Жеңісті Торпаков Алан және Базылтай Нурлан тойлауда. Олар биология пәні бойынша Халықаралық Мендель олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Алан 2 орын, ал Нұрлан 3 орын алды!

    Олимпиадада сәтті өнер көрсеткендеріңіз үшін құттықтаймыз және балаларға және олардың жетекшілеріне жаңа жеңістер тілейміз!