«Физика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары

    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және оқушылардың олимпиаданың әр түрлі кезеңдеріне сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 28 ақпан және 1 наурыз аралығында Жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиадасының аудандық және қалалық кезеңдерінің қазылар алқасының құрамына кіретін Қостанай облысының білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Физика пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» үшкүндік оқыту семинары өтті.

    Жаттықтырушы ретінде А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің физика-математикалық пәндер кафедрасының профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты Владимир Михайлович Поезжалов шақырылды.

    Семинарда мынадай сұрақтар қарастырылды: олимпиада тапсырмаларын орындау үшін тыңдаушылардың қажетті білім алуы; оқушыларға республикалық олимпиаданың әр түрлі кезеңдерінде ұсынылған тапсырмаларды талдау.

    Семинарға қатысқан 19 педагог оқыту семинарын өткізудің жоғары деңгейін атап өтті. Барлық тыңдаушыларға сертификаттар берілді.