«Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің графикалық шешімі» атты ашық сабағы

     

      

     

    Ағымдағы жылдың 8 желтоқсанында «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің графикалық шешімі» атты ашық сабағы өтті.

    «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Г.Н. Жумабай облыс мектептерінің оқушылары үшін алгебрадан пәнінен сабақ өткізді.

    Жаңа материалды үйрену топтарда ұйымдастырылды. Әр топқа сабақ тақырыбы бойынша тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, жұмыс жеке жұмыс формалары негізінде жасалынған.

    Сабақтың қатысушылары Алтынсарин, Амангелді, Жітіқара, Қамысты, Меңдіқара, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық қаласынан  34 педагог болды.

    Сабақтың бейнесін «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.