Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі
Жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында, 2021 жылғы 22-25 қараша аралығында Google Meet платформасын пайдалана отырып, он-лайн форматта жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
Конкурсқа барлығы 307 жоба ұсынылды, олардың авторлары 341 оқушы атанды.
Жобаларды қорғау кезеңі алдында плагиатқа қарсы жобаларды сараптау жүргізілді. 50 және одан да көп % түпнұсқалығы бар жұмыстар қорғауға жіберілді.
Жобаларды қорғау 19 секцияда өтті. Қазылар алқасының құрамына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік мемлекеттік университетінің және академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің оқытушылары кірді.
Конкурс қорытындысы бойынша 148 автордың 131 жобасы жүлдегер атанды, оның ішінде 24 жоба I -орынды (30 оқушы), 47 - II-орынды (54 оқушы) және 60 жоба (64 оқушы) III-орынды жеңіп алды.
Конкурс жеңімпаздары конкурстың келесі кезеңіне – бейіндік пәні бойынша тестілеуге қатысады.