Биология пәнінің мұғалімдеріне арналған оқыту семинары

    2024 жылғы 26 наурызда «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жаратылыстану-математикалық цикл педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және олимпиадалардың түрлі кезеңдеріне оқушылардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында «Биология пәні бойынша олимпиадалық есептерді шешу» атты облыстық семинарын өткізді.

    Семинарға 14 аудан мен 3 қаладан 33 мұғалім қатысты. Семинарды биология ғылымдарының магистрі Брагинец Людмила Алексеевна өткізді.

    Қатысушылар республикалық олимпиаданың түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды қарастырып, олардың шешу жолдарын талдады.

    Тыңдаушылар семинардың тиімділігі мен жаттықтырушының кәсібилігін атап өтті. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.