2019-2020 оқу жылында мектептер арасындағы ҚИО қорытындысы

    Барлық олимпиадалар аяқталды және де Қазақстан оқу орындары арасында оқу жылының қорытындысын шығару уақыты да келіп қалды. Шешім «Күз-Қыс 2019» және «Қыс-Көктем 2020» маусымдарындағы қорытынды бойынша Қазақстан Интернет Олимпиадаларындағы мектептер рейтингісінің көрсеткіштері негізінде қабылданады.

    Рейтинг мектептің қатысушылар саны мен олардың мектептік, мұғалімдерге арналған  және командалық олимпиадалары бойынша нәтижелері негізінде қалыптасады.

    Екі маусым бойы мектептер арасында «ҚИО» кубогы үшін белсенді зияткерлік күрес өтті. Оқу жылы бойымен соңғы олимпиадаға дейін теңдесі жоқ бәсекелестік сақталды.

    Сонымен, көптен күткен сәт басталды, барлық нәтижелер шығарылып, ұпайлар есептелді. Әр қалаған адам рейтинг есебі мен есептелген ұпайларды көре алады, барлығы да ашық және айқын.

    Қалалық мектептер арасындағы рейтингінде 3 орынға 2 қостанайлық команда: Рудный қаласының №10 мектеп-гимназиясы және Қостанай қаласының №3 мектеп-гимназиясы ие болды. Олар «ҚИО» кіші кубогі мен ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.

    Құттықтаймыз!!!