5-8 сынып оқушылары арасындағы биология пәнінен жасөспірімдер олимпиадсының қорытындысы

    2022 жылғы 18 қазанда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институты базасында 5-8 сынып оқушылары арасында биология пәнінен оқушылардың облыстық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

    Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірі мен 3 мамандандырылған мектебінің 77 оқушысы қатысты. Қатысушыларға тапсырмалардың бірнеше түрі ұсынылды (бір жауаппен, бірнеше таңдаумен, дұрыс/бұрыс пікірлер, кестелермен жұмыс және т.б.).

    Олимпиада тапсырмаларын 6 және 7 сынып оқушылары жақсы орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша 32 оқушы жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 6 оқушы І орын, 11 оқушы ІІ орын және 15 оқушы  ІІІ орын алды. Олимпиаданың 16 жүлдегері (50 %) – ауылдық жерлердегі мектептердің оқушылары.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

     

    ИТОГИ