«Шахмат ойнауға үйрету» мастер-классы

     

    «Қостанай дарыны» ӨҒПО жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 10-11 ақпанында қосымша білім беру педагогтары үшін «Шахмат ойынын оқыту» мастер-классы өтті.

    Мастер-класстың мақсаты: он-лайн платформаларда шахмат ойнауға үйрету, зияткерлік ойынды насихаттау, он-лайн жарыстар өткізу арқылы шахмат турнирлеріне қатысушыларды қамтуды арттыру.

    Мастер-классқа  17 қатысушы өтінім берді, 15 қатысушы - Денисов, Қостанай, Наурызым, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарынан және Лисаков, Рудный қалаларынан қатысты.

    Мастер-класс бағдарламасында:

    - шахматты он-лайн режимде ойнауды үйрету;

    -он-лайн режимде турнирлер ұйымдастыру.

    Мастер - класс соңында қатысушылар арасында он-лайн турнир ұйымдастырылды. Турнир 2 күнде өтті, оның барысында педагогтар шахматтық он-лайн турнирлерді ұйымдастыру бойынша бірнеше платформалардың жұмысымен, олардың ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар мықты ойыншыларды анықтады.

    Мастер-класс қатысушылары сертификаттарға, ал турнир жеңімпаздары дипломдарға ие болады.

    I орын – Латыпова Елена Сергеевна – Сарыкөл ауданы, Тимирязевский ЖМ

    II орын – Дербилов Виктор Александрович – Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл № 1 ЖМ

    III орын – Нурмухамбетов Аскар Тулемисович – Денисов ауданы, аудандық білім бөлімі.