Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер шығармашылық бастамашыл топтардың жұмысы
2020 жылғы 02 желтоқсандағы «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ басшысы жанындағы кеңес хаттамасына сәйкес, дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибесін тарату үшін педагогтер қауымдастығы аясында облыстың барлық өңірлерінде мұғалімдердің шығармашылық бастамашыл топтарының желісі құрылды.
2021 жылдың 15 қаңтарында «Дарынды балалармен жұмыс істеудің инновациялық әдістері – ел болашағының зияткерлік әлеуетіне қосқан үлесі» атты шығармашылық бастамашыл топтардың жетекшілеріне арналған онлайн форматта семинар өтті. Спикер ретінде педагогика ғылымдарының кандидаты, педагогика және психология кафедрасының профессоры Утегенова Бибикуль Мазановна, тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Шалгимбеков Айбек Батырханович, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің бас маманы Шалгимбекова Кенжегуль Сапышевна шақырылды.
Семинардың тыңдаушылары Қостанай облысының шығармашылық бастамашыл топтарының 100 қатысушылары болды.
Сондай-ақ жаратылыстану-математикалық бағыттағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мақсатында, ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша екі күндік семинар ұйымдастырылды. Семинарды өткізу барысында шығармашылық бастамашыл топтардың 300 мұғалімі аса күрделі міндеттерді шешті.
Семинарда тыңдаушылардың олимпиадалық тапсырмаларды орындау үшін қажетті білім алуы; республикалық олимпиаданың әр түрлі кезеңдерінде оқушыларға ұсынылған тапсырмаларды талдау және шешу мәселелері қарастырылды.
Жаттықтырушылар ретінде шақырылды:
Телегина Оксана Станиславовна, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ инженерлік-техникалық институтының физика кафедрасының аға оқытушысы ( «Физика» пәні );
Брагинец Людмила Алексеевна, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ жаратылыстану ғылымдары кафедрасының аға оқытушысы («Биология» пәні);
Ахметов Султан Курмангалиевич, химия пәнінің мұғалімі, «Білім-Инновация» лицей-интернаты оқушыларының құрама командасының жаттықтырушысы «Химия» пәні);
Калинина Татьяна Юрьевна, жоғары санатты мұғалімі, Қостанай қаласының №23 орта мектебінің педагог-шебері «География» пәні);
Демисенов Берик Нуртазинович, физика-математика ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ инженерлік-техникалық институтының математика кафедрасының қауымдастырылған профессоры («Математика» пәні).
Жаттықтырушыларға мұғалімдерге қолдау көрсеткені және атқарған жұмысы үшін алғыс айтамыз!
Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.