«Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысы» вебинары

    2022 жылдың 4 мамырында «Мұғалімнің дарынды балалармен жұмысы» атты облыстық вебинар өтті. Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру тәжірибесін Денисов ауданының № 1 Денисов жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы ұсынды.

    Бұл вебинарда баяндамашы ретінде қатысқан педагогтардың әрқайсысы дарынды және аса ынталы балалармен сабақта, сондай-ақ одан тыс уақытта да жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтты. Факультативтер, пәндік апталықтар, жобалар конкурсы, мектептік деңгейден халықаралық деңгейге дейінгі олимпиадалар мен конкурстарға қатысу – мектеп оқушыларын ынталандырып қана қоймайды, сонымен қатар өздері сүйіп оқитын: физика, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне, тіпті АӘД-ге де қызығушылығын еселей түседі.

    Тарих пәнінің мұғалімі Н.В. Бобенко, бастауыш сынып мұғалімі С.Т. Байданова, АӘжТД ұйымдастырушы-педагог Г.В. Мыльцев, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Б.М. Иржанова, физика мұғалімі С.М. Хасеновалар дарынды балалармен жұмыс жүргізуге бойынша өз тәжірибелерімен, әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, мектеп оқушыларымен сатылы және жүйелі жұмыс жүргізу жөнінде әңгімелеп берді.

    Вебинарға Қостанай облысының 11 өңірінен 28 білім беру ұйымының 71 педагогы мен әдіскері қатысты.

    Вебинардың бейнежазбасын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан қарауға болады.