2023 жылы Қостанай облысының оқушылары 7-10 сынып оқушыларына арналған 9 облыстық қашықтық пәндік олимпиадаларға қатысты. Олимпиадалар орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, қазақ тілі мен әдебиеті, география және Қазақстан тарихы пәндері бойынша өтті.
Олимпиадаларға 26 240 оқушы қатысты. Біздің олимпиадаларымызға қатысушылардың саны 2022 жылмен салыстырғанда 13,3 % артты.
Олимпиадаға қатысушылар ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті және физика бойыншатапсырмаларды сәтті орындады.
Облыстың 306 мектебінің 3 587 оқушысы олимпиадажүлдегерлері атанды.
Олимпиадалардың қорытындысы бойынша 2023 жылғы барлық олимпиадаларда жақсы нәтиже көрсеткен 12 үздік мектеп анықталды:
№ |
Өңір |
Мектеп |
Қатысушылар саны |
Жүлдегерлер саны |
1 |
Рудный қ. |
№ 10 мектеп-гимназия |
487 |
165 |
2 |
Қостанай қ. |
№ 18 мектеп-гимназия |
362 |
103 |
3 |
Сарыкөл |
Урицкий мектеп-лицейі |
365 |
91 |
4 |
Қостанай қ. |
Ы. Алтынсаринатындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты |
327 |
78 |
5 |
Қостанай қ. |
№16 жалпы білім беретін мектеп |
199 |
74 |
6 |
Жітіқара |
Абай атындағы мектеп-лицейі |
233 |
71 |
7 |
Рудный қ. |
№ 4 мектеп-лицей |
298 |
64 |
8 |
Қостанай қ. |
Б. Момышұлыатындағы № 5 жалпы білім беретін мектеп |
312 |
59 |
9 |
Қостанай қ. |
М. Қозыбаеватындағы№23 жалпы білім беретін мектеп |
249 |
58 |
10 |
Рудный қ. |
№ 2 гимназия |
124 |
54 |
11 |
Алтынсарин |
Силантьев жалпы білім беретін мектебі |
95 |
51 |
12 |
Қостанай қ. |
Физика-математикалық лицейі |
188 |
50 |
Жыл бойы Қостанай (44984 қатысушы), Рудный қаласы (2786 қатысушы) және Қостанай ауданы (2456 қатысушы) сияқты өңірлер белсенділік танытты. Дәл осы өңірлер өткен жылы қатысушылар саны бойынша көшбасшы болды.
2023 жылы қашықтықтан олимпиадаларда нәтиже көрсету сапасы бойынша үздік нәтижені Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары (23,9 %), Алтынсарин ауданы (19,7 %) және Науырзым ауданы (19,1 %)көрсетті.
Облыстық қашықтық олимпиадаларының қорытындысы бойынша жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектептер «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдарымен марапатталады.
Оставить комментарий