Математика мұғалімдеріне арналған семинар
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 13 қаңтарда ауылдық жерлердегі мектептердің математика мұғалімдеріне дарынды балалармен жұмыс бойынша әдістемелік семинар өткізді. Семинарда Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының мұғалімі Сейдуәлі Дарынның және Қостанай қаласының № 22 жалпы білім беретін мектебінің педагогі Станогина Наталья Владимировнаның дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі ұсынылды.
Семинарға Қостанай облысының 17 ауданынан 100 педагог қатысты.
Тыңдаушылар дарынды балалармен жұмыс жүргізу түрлерімен және әдістерімен танысып, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды қарастырды. Сонымен қатар ұстаздарға олимпиадалық есептерді шешу бойынша ұсынымдар мен ресурстар ұсынылды.
Семинар қорытындысы бойынша математика мұғалімдеріне оқушыларды олимпиадаларға дайындау, сондай-ақ сабақта дарынды оқушыларды қолдау әдістері бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.
Әріптестерімізге жұмыс тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс айтамыз!