10-11 жастағы оқушаларға арналған тренингтер

     

      

     

     

    10-11 жас аралығындағы оқушылардың тұлғалық даму үдерісіне жәрдемдесу және олардың қабілеттерін дамыту мақсатында 4К аясында (креативтілік, сын тұрғысынан ойлау, коллаборация, коммуникация) «Қостанай дарыны» ӨҒПО жоспарына сәйкес 2022 жылғы 28 ақпанда «Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ «QABILET» қызметінің менеджері және психологі

    Б.Н. Ақанбаев және Д.А. Жумабаева 4-сынып оқушыларымен тренинг өткізді.

    Осы мақсатты жүзеге асыру үшін тренингке қимыл-қозғалыс ойындар, шығармашылық сабақ, медитация жаттығуы, ұйымшыл ойындар кірді. Оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, сынып ұжымының ұйымшылдық деңгейін, коммуникация және коллаборация дағдыларын көрсетті.