Биология пәнінен жас мұғалімдерге арналған семинар

     

      

     

    2021 жылғы 03 қарашада «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы педагогикалық шеберлік мектебінің жұмысы аясында Қостанай облысының жас биология мұғалімдеріне арналған on-line семинар өткізді.

    Семинарда дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен Қостанай қаласы мектептерінің биология пәні мұғалімдері А.У. Косанова, Мариям Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі, Н.Г.Бублий, М. Горький атындағы гимназияның мұғалімі бөлісті.

    Семинарда педагогтер дарынды балалардың даму ерекшеліктерімен, дарынды балаларды анықтау және дамыту тәсілдерімен танысты. Өз сөздерінде мұғалімдер жұмыс принциптеріне, заманауи білім беру технологияларын пайдалануға, оқу-ұйымдастыру жұмыстарына тоқталып, дарынды балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістерін қарастырды, функционалдық сауаттылықты дамытуға, заманауи сабаққа қойылатын талаптарға тоқталды.