Лингвистикадан республикалық олимпиаданың 1-кезеңі

    2022 жылғы 20 қазанда Лингвистикадан республикалық олимпиаданың 1 (аудандық/қалалық) кезеңі өтті. Бұл Лингвистикадан халықаралық олимпиадаға қатысу үшін үздік 8-11 сынып оқушыларын анықтайтын бірінші кезең.

    Аудандық/қалалық кезеңдерге облыстың барлық өңірлерінен және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 552 оқушы қатысты.

    Қатысушылар 2 сағат ішінде 2 тапсырманы шешуі керек болды. 1-турдың тапсырмаларын шешу үшін ең жоғары балл 80 баллды құрады (бір тапсырма үшін 40 баллдан).

    Биылғы олимпиада тапсырмалары эстон тілі мен хануноо тілін білуге негізделді.

    Эстон тілі – Эстония мен Еуропалық Одақтың ресми тілі. Жазу – латын әліпбиіне негізделген. Эстон тілінде (Орал тілдері отбасының фин-угор тармағы) Эстонияда шамамен 1,1 миллион адам сөйлейді.

    Хануноо – Филиппиндердің байырғы тұрғындары жазбаларының бірі, оны Миндороның оңтүстігіндегі мангъян халықтары хануноотілін жазу үшін пайдаланады. ng ағылшын тіліндегі «king» сөзіндегі ng немесе қазақ тіліндегі «сінір» сөзіндегі ң сияқты оқылады.

    1 кезеңнің қорытындысы бойынша білім бөлімдері облыстық кезеңге қатысуға 41 оқушыны ұсынды. Олимпиаданың облыстық кезеңі а.ж. 10 қарашада өтеді.