ТОБЫЛ ЕСЛЯМҒАЛИҰЛЫ ДӘУЛЕТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ХІ АШЫҚ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

    «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2024 жылғы 20 наурызда (басталуы сағат 10.00.) Қостанай облысының педагогтеріне арналған Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаев атындағы XI ашық өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өткізілетіні туралы хабарлайды.

    Қостанай қаласы мен Қостанай облысының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім беру сапасын арттыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мен дамытудың маңызды шарты» конференциясы өңірлік ғылыми-практикалық конференция мәртебесіне ие және жыл сайын өткізіледі. 2014 жылдан бастап конференция физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Тобыл Еслямғалиұлы Дәулетбаевтың есімімен аталады.

    Конференция мұғалімдердің озық педагогикалық тәжірибесін анықтау, жинақтау және тарату, қазіргі педагогтің жалпы, коммуникативтік және зерттеу мәдениетінің деңгейін арттыру, қазіргі білім берудің өзекті мәселелерін шешу жолдарын айқындау, сондай-ақ облыс мектептерінің білім беру кеңістігін бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциялау үшін жағдайлар жасау мақсатында өткізіледі.

    Өтетін орны: «Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ (Қостанай қ., Абай даңғ., 17).

    Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің атына 2024 жылғы 29 ақпанға дейін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

    1.   Сілтеме бойынша Google форматында толтыру.
    2. Көлемі 5 беттен кем емес жобаның тезистерін Google дискіге белгілі бір секцияға сәйкес папкаға жүктеу.

     

    ПОЛОЖЕНИЕ