Оқушылардың Т.Е. Дәулетбаев атындағы ІХ өңірлік ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы

    2020 жылғы 8 ақпанда оқушылардың Т.Е. Дәулетбаев атындағы дәстүрлі жыл сайындық «Өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуеті - Қазақстанның табысты индустриалды–инновациялық дамуының кепілі» атты өңірлік ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

    Конференцияны ұйымдастырушылар: «Қостанай дарыны» ӨҒПО, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ және «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» ММ.

    Биылғы жылы ұйымдастыру комитеті Қостанай қаласы мен Қостанай облысының 90-нан астам мектептерінің 996 ғылыми-зерттеу жобасын тіркеді. Күндізгі кезеңге қатысуға 28 пән саласы бойынша 547 жұмыс жіберілді.

    Жұмыстарды ұсыну көпшілік алдында қорғау түрінде өтті. Секция жұмысына барлық тілек білдірушілер қатысты.

    Біз жыл сайын тығыз кестелерінде уақыт тауып жүрген, келіп, конференцияға қатысушылармен өз білімдерімен бөлісетін, кеңестер беретін және жасына қарамастан, жобалардың барлық авторларына өте мейірімді қарайтын қазылар алқасының барлық мүшелеріне ынтымақтастығы үшін алғысымызды білдіреміз! Жоғары оқу орындарының жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамының оқушылармен, мұғалімдермен, ата-аналармен тамаша ынтымақтастығы, әртүрлі жастағы пікірлестердің шығармашылық атмосферасы пайда болды!

    Қазылар алқасының мүшелері атап өткендей, жылдан жылға ұсынылған жұмыстардың деңгейі артып келеді. Конференцияға қатысу конкурстық күрестің баға жетпес тәжірибесін алуға, өзінің портфолиосын конференцияның жеңімпазы немесе жеңімпазының дипломымен толықтыруға мүмкіндік береді.

    Қорытынды үш жас санаты бойынша жүргізілді: 1-4 сыныптар, 5-7 сыныптар, 8-11 сыныптар.  429 жоба жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын - 69, екінші орын – 167 және 3 орын – 193.

    Секцияға қатысушылардың барлығы үздік өнер көрсеткені үшін берілетін «Көрермендер көзайымы» номинациясы бойынша жеңімпазды анықтауға дауыс беруге қатысуға мүмкіндік алды. Биылғы жылы осы, шын мәнінде халықтық номинацияға 73 оқушы ие болды!