Олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиындары

     

      

     

    Желтоқсан айында облыс оқушылары олимпиадалық резервтің оқу-жаттығу жиынына қатысады.

    6 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында химия пәнінен оқу-жаттығу жиыны басталды. Екі оқушы  - Қали Асанәлі мен Паршиков Андрей (дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты)  - химия пәнінен олимпиада құрамасына кірді. Жиынның негізгі мақсаты - республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаға дайындық. Химия пәнінен жиыны 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

    10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан қаласында лингвистика пәнінен оқу-жаттығу жиыны басталады. Жиынға лингвистика пәнінен Республикалық олимпиаданың барлық кезеңдерінен өткен оқушылар қатысады. Олардың арасында Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша І орын алған Лисаков қ.мектеп-гимназиясының оқушысы Яхно Лидия да бар. Бұл жиындардың мақсаты - лингвистика пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысуға үміткерлерді дайындау және іріктеу. Жиын 19 желтоқсанға дейін жалғасады.

    18 желтоқсаннан бастап Алматы қаласында физика пәнінен оқу-жаттығу жиыны басталады. Жиынға дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Самойленко Арсений шақырылды. Жиын Сулейман Демирель университетінің базасында өтеді. Жиынның негізгі мақсаты - республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға дайындық. Жиын 26 желтоқсанға дейін жалғасады.