Counter-Strike: Global Offensive киберспорт пәні бойынша облыстық жарыстардың қорытындысы

    2022 жылғы 1-4 қараша аралығында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында Counter-Strike: Global Offensive киберспорт пәні бойынша облыстық жарыстардың төртінші маусымының ойындары өтті.

    Жарыстың мақсаты Қазақстан Республикасында спорттың ресми түрі ретінде киберспортты танымал ету, Қазақстан Республикасының киберспорттық әлеуетін одан әрі дамыту үшін мықты оқушы-киберспортшыларды анықтау болып табылады.

    Жарысқа облыстың 11 ауданынан 16 команда қатысты: 112 адам, оның ішінде 96 қатысушы және 16 басшы.

    Салтанатты ашылу салтанатында «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Ермек Хамзатұлы Данкенов турнир қатысушыларына құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты шараға қатысушыларға турнир ережелерін бәрін білетін робот Ай таныстырды.

    Турнир мектептің бірнеше кабинеттерінде өтті, жанкүйерлер үшін конференц-залда комментаторлық сүйемелдеумен тікелей эфир ұйымдастырылды. Негізгі комментаторлар «4Dhologramakst» студиясының веб-дизайнері Лян Юрий Владимирович жарыс қонағы болды.

    Алғашқы 2 күнде ширек финал ойындары өтті, оның қорытындысы бойынша жарыстың жартылай финалына енген жеңімпаздар анықталды: Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі, Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы, Қостанай қаласының №2 мектеп-лицейі, Рудный қаласының № 5 гимназиясы.

    4 қарашада Тобыл қаласының мектеп-лицейі мен Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің командалары арасында ақтық ойындар өтті.

    Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

    1 орын – Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебінің командасы

    2 орын – Тобыл қаласының мектеп-гимназиясының командасы

    3 орын – Рудный қаласының № 5 гимназиясының командасы.

    Облыстық жарыстардың салтанатты марапаттауында жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар, ұйымдастырушылар мен жетекшілерге алғыс хаттар табысталды. Ұйымдастырушылар жарыс барысында ойындарға түсініктеме беруде өзінің қабілетімен көзге түскен жарысқа қатысушы Идрисов Рамильді атап өтті.