7-11 сынып оқушыларына арналғанқазақ тілінен республикалық«Жарқын болашақ» олимпиадасының қорытындысы

    2024 жылғы 21-22 мамыр аралығында Астана қаласында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 7-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасын өткізді.

    Олимпиаданың басты мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және шығармашылық бастамаларды анықтау.

    Олимпиадаға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары бес номинация бойынша қатысты: «Тілші-әдебиетшілер»; «Жас ғалымдар»; «Жазушылар»; «Сөз шеберлері»; «Әнші-бұлбұлдар.

    Олимпиаданың республикалық кезеңіне 200-ден астам 7-11 сынып оқушылары қатысты. 

    Қостанай облысының атынан биыл Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларынан, Амангелді және Меңдіқара аудандарынан, сондай-ақ Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатынан 9 оқушы қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша облыс оқушылары 1 бірінші, 2 екінші және 2 үшінші орын алды. Сондай-ақ, Амангелді ауданы білім бөлімінің Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Искакова ХамидаСүлейман Демирел атындағы университетте оқуға грант алды.

    Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Хамит Айша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде оқуға грант жеңіп алды.

     

    Аты-жөні

    сынып

    Өңір

    Орын

    1.  

    Шефер Диана

    10

    Қостанай қаласы, М. Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектеп

    1

    1.  

    Абдульманова Диана

    10

    Қостанай қаласы, №10 жалпы білім беретін мектеп

    2

    1.  

    Искакова Хамида

    11

    Амангелді ауданы, Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі

    2

    1.  

    Мухитова Анастасия

    11

    Рудный қаласы, №2 гимназия

    3

    1.  

    Ержігітова Аружан 

    10

    Арқалық қаласы, А. Құнанбаев атындағы мектеп-гимназия

    3

    Олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз және алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!